СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1 ТАҚЫРЫП. Экономикалық теория пәні және әдістері

Семинарлық сабақ

Сабақ мақсаты: Экономикалық теорияның даму кезеңдерін және теорияның зерттеу әдістерін, экономикалық игіліктерін, мектеп өкілдерінің еңбектерін анықтау, жеткізу

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Экономикалық теорияның даму кезеңдері.

2. Экономикалық теорияның зерттеу әдістері.

3. Экономикалық теорияның категориялары мен функциялары.

4. Мектеп өкілдерінің көзқарастары, еңбектері.

Бақылау түрлері:

· Сұрақтарды ауызша талдау

· Категорияларға анықтама

Тапсырма:Төменде берілген мәліметтерді пайдаланып логикалық оймен өндірістегі мақта өнімінің қосылған жалпы құнын және сатылу құнын есептеп, дүрыс жауабын табу керек. Ж/б: Жалпы құны – 2800тг., 2900тг. Сатылған құны – 710тг., 810тг. қайсысы дұрыс?

1. Шикізатты өндіру – 100теңге

2. Шикізатты өңдеуге әкелу – 160теңге

3. Шикізатты өңдеу – 300теңге

4. Өңделген шикізатты фабрикаға әкелу – 370теңге

5. Соңғы өнім дайындау – 550теңге

6. Соңғы дайын өнімді көтерме сатушыға әкелу – 610теңге

7. Соңғы дайын өнімді бөлшектеп сату – 710теңге

Бақылау нысаны:

· СОӨЖ қысқаша конспект сұрақтары,

· Ауызша талдау сұрақтары,

· Категориялар бойынша жұмыс жүргізу,

· Тест тапсырмаларымен жұмыс жасау.

Әдебиеттер тізімі:

1. Әубәкіров Я., Нәрібаев Қ., Есқалиев К. «Экономикалық теория негіздері» оқулық, Алматы: 1998ж.

2. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ұ.С., Жүнісов Б.А.: «Жалпы экономикалық теория». Алматы-Ақтобе, 2002ж.

2 ТАҚЫРЫП. Қоғамдық өндірістің негіздері және оның құрылымы

Семинарлық сабақ

Сабақ мақсаты: Өндірістің құрылымын және өндіріс факторларын, экономикалық ресурстарды, өндіріс типтерін және теорияның зерттеу негіздерін, нысандарын анықтау, өндіргіш күштерін сипаттау.



Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Қоғамдық өндірістің сатылары.

2. Экономикалық ресурстар және олардың түрлері.

3. Өндіргіш күштерге сипаттама.

4. Өндіріс құралдары және оларлың түрлері.

5. Қоғамдық өндірістің түрлері.

6. Ұдайы өндіріс және оның типтері.

7. Қоғамның экономикалық таңдауы.

8. Тиімділік проблемасына сипаттама.

9. Өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы.

Бақылау түрлері:

· Сұрақтарды ауызша талдау

· Тестік жүйеде білімдерін тексеру

Тапсырма:Логикалық оймен өндірістегі тауар өнімінің тұтынуға шығарылған халықтың тұтыну көлемін және инвестиция көлемін 3 амалмен анықтаңыз. Ж/б:Тұтыну көлемі – 3400теңге, Инвестиция көлемі – 120 теңге.

Нақты табыс – 4000 теңге

Мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді сатып алуы – 300теңге

Тікелей салықтар – 600теңге

Экспортқа шығару -740 теңге

Импортқа шығару -560теңге

Бақылау нысаны:

· СОӨЖ қысқаша конспект сұрақтары,

· Ауызша талдау сұрақтары,

· Категориялар бойынша жұмыс жүргізу,

· Тест тапсырмаларымен жұмыс жасау.

Әдебиеттер тізімі:

1. Экономикалық теория. Алматы. Қазақ университеті, 1999ж., бет 28-32.

2. Чепурина М.Н., Киселевой Е.А.: Курс экономической теории. Киров «Аса», 2001ж. с 48-63

3. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ұ.С., Жүнісов Б.А.: Жалпы экономикалық теория. Алматы-Ақтобе, 2002ж. 1-бөлім, бет 45-56.

3 ТАҚЫРЫП. Экономикалық жүйелердің типтері мен даму заңдылықтары



Семинарлық сабақ

Сабақ мақсаты: Меншік қатынастарымен ұйымдастырылу түрлеріне, экономикалық жүйенің элементтеріне меншік негізінде қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық қатынастар шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару әдісі. Экономиканы реттеуші механизм және кәсіпорындар мен басқада шаруашылық субъектісі арасындағы нақты экономикалық байланыстар қоғамдық өндірістің негізін құрайтын мәселені шешу әдістерін анықтайды.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Экономикалық жүйе және оның түрлері.

2. Экономикалық жүйедегі аралас жүйенің негізгі үлгілері.

3. Экономикалық жүйелерді ұйымдастыру үлгілеріне жалпы сипаттама.

4. Қазақстан Республикасындағы нарықтық экономикаға өтуінің ерекшеліктері

5. “Қазақстан – 2030 стратегиясының” басым бағыттары.

6. Экономиканы реформалаудағы меншіктің орны.

Бақылау түрлері:

· Сұрақтарды ауызша және жазбаша талдау

· Тестік жүйеде білімдерін тексеру

Жаттығулар.Төменде экономикалық көрсеткіштер берілген (млн.теңге) ЖҰӨ көлемін анықтаңыз.

1. Тұтынушы тауарлары – 634

2. Ұзақ мерзім пайдаланылатын тауарлар – 817

3. Халыққа көрсетілген қызметтер – 1673

4. Өндірістік инвестициялар – 5380

5. Өндірістік емес инвестициялар – 3410

6. Тауар запастарының өсу деңгейі – 38

7. Федералды мемлекеттік сатып алулар – 374

8. Жергілікті билік органдарының сатып алуы -483

9. Халыққа зейнетақы мен жәрдемақы беру – 90

10. Экспорт – 44

11. Импорт – 56

Бақылау нысаны:

· СОӨЖ қысқаша конспект сұрақтары,

· Ауызша талдау сұрақтары,

· Категориялар бойынша жұмыс жүргізу,

· Тест тапсырмаларымен жұмыс жасау.

Әдебиеттер тізімі:1. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ұ.С., Жүнісов Б.А.: Жалпы экономикалық теория. Алматы-Ақтобе, 2002ж. 1-бөлім, бет 45-56.

4 ТАҚЫРЫП. Меншік қатынастары және кәсіпкерлік, экономикадағы ролі

Семинарлық сабақ

Сабақ мақсаты: Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі, экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарды өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар. Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет. «Меншік» және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, әрқайсын жеке танып білу қажет.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Меншіктің экономикалық мазмұны.

2. Меншіктің құқықтық мазмұны.

3. Қазақстан республикасындағы меншіктің формалары

4. Қазақстан республикасындағы жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу процесі.

5. Жекешелендіру тәсілдері.

Бақылау түрлері:

· Сұрақтарды ауызша және жазбаша талдау

· Тестік жүйеде білімдерін тексеру

Жаттығу- есебі.2004 ж. өндірілген тауар өнімінің жарты жылдық сатылу бағасының (R)- шығынын және (уа)-айырмашылығын табу керек. Кестеде белгіленген бағаның құнын есептеп толтыру және соңғы жиынтығын мына формуламен есептеп шығару. R(а)2= Σ(х* у(факт)) -Σ(у(факт) -у(f)2–(у(факт) *х)+(х2 * у(f)) + Σ((у(факт) *х)+(у(факт) -у(f)) * 100% =

х – сатылған тауар саны;

у(факт) – тауар бағасының нақты құны;

у(f) – тауар бағасының өткізілетін құны.

у(а) - шығынның айырмашылық бағасы

2004 ж. айлары х у(факт) у(f) (у(факт) - у(f)) (у(факт) – у(f))2 у(факт) *х (х2 * у(f)) (у(факт) - у(f))2 - (у(факт) *х) + (х2 * у(f)) у(а)
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Сәуір
Мамыр
Маусым
Жиынтық

Бақылау нысаны:

· СОӨЖ қысқаша конспект сұрақтары,

· Ауызша талдау сұрақтары,

· Тест тапсырмаларымен жұмыс жасау.

Әдебиеттер тізімі:1. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ұ.С., Жүнісов Б.А.: Жалпы экономикалық теория. Алматы-Ақтобе, 2002ж. 1-бөлім, бет 45-56.

2. Әубәкіров Я: Экономикалық теория. Алматы: Санат,1998ж. бет117-119 з/Камева В.Д.: Байжомартов Ұ.С., Жүнісов Б.А.: Жалпы экономикалық теория. Алматы-Ақтобе, 2002ж. 1-бөлім, бет 45-56.

5 ТАҚЫРЫП. Қоғамдық шаруашылықтың нысандары. Тауарлы өндіріс. Ақша

Семинарлық сабақ

Сабақ мақсаты: Қоғамдық өндіріс түрлерін, формаларын және натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылықты анықтау. Натуралды және тауарлы шаруашылық ерекшеліктерін сипаттау.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Шаруашылық жүргізудің тәсілдері: натуралдық және тауарлық.

2. Тауарлы шаруашылықтың мәні.

3. Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері.

Бақылау түрлері:

· Сұрақтарды ауызша және жазбаша талдау

· Тестік жүйеде білімдерін тексеру

Жаттығу- есебі.Берілген мәліметтерді қолдана отырып, инфляцияның өсу қарқынын және баға деңгейінің екі еселенуінің мерзімін анықтау.

Жылдар 1997ж. 1998ж.
Тұтынушы бағасының индексі 121,2 132,4
Азық-түлік тауарлары 113,8 120,3
Азық-түліктік емес тауарлар 105,9 110,5
Халыққа ақылы қызмет көрсету 187,0 195,3

Натуралды және тауарлы шаруашылықты сипаттау ж/е анықтау?

Натуралды шаруашылық Тауарлы шаруашылық
1. 1.
2. 2.
3. 3.

Бақылау нысаны:

· СОӨЖ қысқаша конспект сұрақтары,

· Ауызша талдау сұрақтары,

· Есеп шығару,

· Тест тапсырмаларымен жұмыс жасау.

Әдебиеттер тізімі:1. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ұ.С., Жүнісов Б.А.: Жалпы экономикалық теория. Алматы-Ақтобе, 2002ж. 1-бөлім, бет 45-56.

2. Әубәкіров Я: Экономикалық теория. Алматы: Санат,1998ж. бет117-119 з/Камева В.Д.: Байжомартов Ұ.С., Жүнісов Б.А.: Жалпы экономикалық теория. Алматы-Ақтобе, 2002ж. 1-бөлім, бет 45-56.

6 ТАҚЫРЫП.Нарық және оны реттеу механизмдері. Нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері

Семинарлық сабақ

Сабақ мақсаты: Нарық, айырбас айналыс категорияларын өзара тығыз байланыстыра отырып анықтама беру. Экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығын, шаруашылықты ұйымдастыруды талдау және анықтамалар беру.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Нарықтың мәні және түрлері.

2. Нарық механизімінің негізгі элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке қабілеттілігі.

3. Нарықтың атқаратын қызметтері. Нарықты экономиканыңартықшылықтары мен кемшіліктері.

Бақылау түрлері:

· Сұрақтарды ауызша және жазбаша талдау

· Тестік жүйеде білімдерін тексеру

Жаттығу- есебі.Бір тауарға деген сұраныс пен ұсыныс теңдеуі келесідей берілген:

Qd = 200-P

Qs = 2P+20

Анықтау керек:

А) тепе-теңдік баға және тепе-теңдік көлемін.

Б) Баға деңгейі 3 ақша бірлігі деп есептесек тапшылық және артықшылық көлемі қандай болады.

Бақылау нысаны:

· СОӨЖ қысқаша конспект сұрақтары,

· Ауызша талдау сұрақтары,

· Есеп шығару,

· Тест тапсырмаларымен жұмыс жасау.

Әдебиеттер тізімі:Жүнісов Б.А., Мамбетов Ұ.Е., Байжомартов Ұ.С. Нарықтық экономиканың негіздері. Ақтөбе 1993ж. 1-бөлім бет 65-77. Әубәкіров Я: Экономикалық теория. Алматы: Санат,1999ж. бет 65

7 ТАҚЫРЫП.Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері

Семинарлық сабақ

Сабақ мақсаты: Сұраныс пен ұсыныстың тікелей әсер етуін талдау міндеті.

Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұранысты ақшалай камтамасыз етуге тұтынушының қажеттілігін сұраныс пен төлем қабілеттілігін, қажеттілігін анықтау.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Сұраныс заңы. Сұраныстың қисығы

2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы

3. Сұраныс пен ұсыныстың бірөбіріне әсер етуі.

Бақылау түрлері:

· Сұрақтарды ауызша және жазбаша талдау

· Тестік жүйеде білімдерін тексеру


6628670660350034.html
6628776161682920.html
    PR.RU™